Ресейде МиГ-29 жойғыш ұшағы апатқа ұшырады
Ресейдің Астрахань облысында жоспарланған ұшу кезінде МиГ-29 ұшағы апатқа ұшырады.
РИА Новости-дің хабарлауынша, ұшақ Ашулук полигоны аумағындағы бос жерге құлаған. Осы ұшу жаттығуын ұшақ оқ-дәрісіз орындағаны айтылады.
Ресей Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, Астрахань маңында құлаған МиГ-29СМТ ұшақтың ұшқышы қайтыс болды.
Апаттың себебі әзірше белгісіз. Оны анықтау үшін апат болған жерге Аэроғарыштық күштердің Жоғарғы қолбасшылығының комиссиясы жіберілген.