Оңтүстік Африкадан оралған екі ресейлік азаматқа коронавирустың «омикрон» штаммы диагнозы қойылды.
Роспотребнадзор-дың хабарында: «Оңтүстік Африка Республикасынан келген адамдарда коронавирустың жаңа штаммы анықталды, олардың ПТР сынақтары да оң нәтиже көрсеткен болатын. ОАР-дан келген барлық науқастар карантинге жатқызылды. Жалпы он жолаушыға коронавирус диагнозы қойылды. Қазір мамандар вирустың штаммдарын анықтауда. Оңтүстік Африка Республикасы мен көршілес елдерден Ресейге оралған барлық азаматтар шекарада медициналық тексеруден өтіп, арнайы карантиндік аймақтарға орналастырылуда», - делінген.
Еске салар болсақ, коронавирустың жаңа штаммы 20 қарашада Ботсвана мен Оңтүстік Африкада анықталған еді. Ғалымдар бұл штамм өте жұқпалы және вакциналарға төзімді деген. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бұл штаммды «өте алаңдатушы» деп атап, оны грек әліпбиінің 15-ші әрібі - «омикрон» деп таныды. Қазіргі уақытта жаңа штамм әлемнің 40-қа жуық елінде тіркелген.