Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Ресейде коронавирусқа қарсы 4-ші препарат қоланысқа енеді
14:15 / 2021-05-18

Ресей президенті Владимир Путин COVID-19-ға қарсы төртінші препарат жақын арада шығарыла бастайтынын мәлімдеді.

«Біз коронавирустық инфекцияға қарсы үш тиімді вакцинаны өндірдік. Жақында олар қатарына төртінші вакцина қосылады. Вакцинация да қарқынды түс алуда», деген Ресей президенті Владимир Путин шет мемлекеттердің елшілерінің сенім грамоталарын қабылдау рәсімінде.

Путин сонымен қатар Ресей пандемиямен күресте шетелдік серіктестермен ынтымақтастыққа мүдделі екенін атап өткен.

Бұған дейін Ресейде COVID-19 індетіне қарсы үш вакцина өндірілді: «Спутник V», «ЭпиВакКорона» және «КовиВак».

«Спутник V» - коронавирустық инфекцияның алдын алуға арналған әлемдегі алғашқы препарат. Н.Гамалей атындағы эпидемиология және микробиология ғылыми-зерттеу орталығы жасаған бұл вакцина бүгінде жалпы халық саны 3,2 миллиардтан асатын 66 елде мақұлданды.

«ЭпиВакКорона» - Ресейде тіркелген екінші COVID-19 вакцинасы. Ол тірі вирусты қабылдамайды және жасанды синтезделген пептидтерді қолдану арқылы иммунитетті қалыптастырады.

«КовиВак» - Ресей Ғылым академиясының Чумаков орталығында жасалған үшінші вакцина болып, ол SARS-CoV-2 вирусына негізделген. Бұл вакцинаның иммуногендігі 85 пайызға бағаланған.