Ресейде Ил-112В жеңіл турбовинтті әскери-көлік ұшағын жасау жұмыстары тоқтатылды.
ТАСС агенттігінің хабарлауынша, Ил-112В ұшағын жасау жұмыстары оның алғашқы прототипімен апатқа ұшырау себептерін зерттеу жөніндегі комиссия жұмысы аяқталғанға дейін тоқтатылған.
«Ил-112В ұшағын жасау қажеттігі туралы мәселе күн тәртібінен түскен жоқ, бұл көлік әскерлерге қажет. Комиссия жұмысы аяқталғаннан кейін бағдарлама бойынша жұмыс жалғасады», - деген әскери-өнеркәсіптік кешен өкілі.
Агенттік дерегінше Төтенше жағдайдың себептерін анықтайтын комиссияның жұмысы 20 наурызда аяқталуы тиіс. Комиссияның қорытындысы 20 наурызда ұсынылады.
Еске салар болсақ, 2021 жылдың 17 тамызында Мәскеу облысында Ил-112В жеңіл әскери-көлік ұшағының жалғыз ұшу үлгісі апатқа ұшырады. Нәтижесінде экипаждың үш мүшесі де қаза тапқан. Апат алдында ұшақтың оң жақ қозғалтқышы өртеніп кеткен. Осы уақытқа дейін болған оқиғаның себептері аталмаған.