Ресейде бірқатар БАҚ, Facebook және Twitter-ге тыйым салынды
Ресей билігі елдегі бірқатар шетелдік БАҚ пен әлеуметтік желілерге тосқауыл қойды.
GlobalCheck мониторинг желісінің хабарлауынша, 4 наурызға қараған түні Facebook пен Twitter-ге кіруге шектелген. ВВС орыс қызметінің сайты, Meduza, Азаттық радиосы, Deutsche Welleб асылымдары өз жұмысын тоқтатты.
Сонымен қатар, елде App Store және Google Play дүкендері бұғатталған.
Соңғы деректерге сәйкес, Facebook-тің қолжетімділігі шамамен 30 пайызды құрайды, бұл оның техникалық қауіптерге қарсы шаралар (TSPU) көмегімен бұғатталғанын көрсетеді. Meduza және BBC веб-сайттарына қолжетімділік 17%, Deutsche Welle - 0%.
Бұл деректерді жаңарту арқылы GlobalCheck оларға DDoS шабуылы жасалып жатқанын хабарлаған.