Ресейде Ан-26 жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады
Ресейлік Utair әуе компаниясына тиесілі Ан-26 жолаушылар ұшағы Ямало-Ненецк автономиялық округіндегі Утренный әуежайынан 2 шақырым жерде қатты қонуды орындады.
Урал көлік прокуратурасының мәліметінше, ұшақ бортында 41 адам – бес экипаж мүшесі және 36 жолаушы болған.
Utair компаниясының хабарлауынша, оқиға кезінде бір жолаушы мен екі экипаж мүшесі жарақат алып, оларға медициналық көмек көрсетілген.
«Ан-26 ұшағы қолайсыз ауа райы – тұман, қатты жел жағдайында қонды. Барлық жолаушылар мен экипаж мүшелері әуежай терминалының ғимаратына эвакуацияланды», - делінген хабарламада.