Ресейде алғаш рет жүргізушісіз пойыз іске қосылды
Ресей темір жолдары (РТЖ) сәрсенбі күні Мәскеу орталық шеңберінде (МОШ) жолаушыларды тасымалдауды бастаған алғашқы «Ласточка» атты жүргізушісі пойызды іске қосты.
РИА Новости хабарлауынша, пойыз өз бетінше жүреді, бірақ машинист кабинада бақылау үшін және жолаушыларды отырғызу мен түсіру кезінде есіктерді ашып-жабу үшін болады. Бұл автоматтандырудың үшінші деңгейі.
«Жүргізушісіз пойыздың алғашқы рейсін сәрсенбі күні журналистер және оның алғашқы жолаушылары МОШ-ның бір станциясында қарсы алды. Пойыз өзі баяулап, тоқтады. Адамдар мінгеннен кейін машинист «Ласточка» пойызының есіктерін жапты, пойыз өз бетінше қозғалып жолын жалғады», делінген хабарламада..