Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Ресейдің 5 әуе компаниясы Өзбекстан әуе нарығында тұрақты рейстер жасауға рұқсат алды
12:43 / 2021-11-24

Өзбекстан Ресейдің 5 әуе компаниясына ел әуежайларына тұрақты рейстерді орындауға рұқсат берді.

Көлік министрлігінің хабарлауынша, 2021/2022 қысқы маусымдағы ұшу кестесіне сәйкес ресейлік авиакомпаниялардың Өзбекстанға тұрақты рейстері үшін маршруттар кестесін жариялады.

Осыған байланысты «Аэрофлот» әуе компаниясы Мәскеу-Ташкент-Мәскеу бағытында аптасына 4 рет рейс жасайды.

«S7 Airlines» компаниясы Өзбекстанның 7 қаласына тұрақты рейстерді жолға қояды.

  • Мәскеу - Самарқанд - Мәскеу
  • Мәскеу – Бұхара – Мәскеу
  • Мәскеу – Үргеніш – Мәскеу
  • Иркутск – Ферғана – Иркутск
  • Новосибирск – Бұхара – Новосибирск
  • Новосибирск – Наманган – Новосибирск
  • Новосибирск – Ферғана – Новосибирск бағыты бойынша аптасына 1 рейстен.

«Ural Airlines» әуе компаниясыда Өзбекстанның 7 қаласына аптасына бір реттен тұрақты рейс жасайды.

  • Мәскеу – Наманган – Мәскеу
  • Мәскеу - Самарқанд - Мәскеу
  • Санкт-Петербург – Үргеніш – Санкт-Петербург
  • Санкт-Петербург – Ферғана – Санкт-Петербург
  • Екатеринбург - Наманган - Екатеринбург
  • Екатеринбург - Самарқанд - Екатеринбург
  • Қазан – Самарқанд – Қазан бағыты бойынша.

«Red Wings» әуе компаниясы 5 бағыт бойынша аптасына бір рейсті жолға қояды.

  • Мәскеу – Ферғана – Мәскеу
  • Мәскеу - Самарқанд - Мәскеу
  • Мәскеу – Бұхара – Мәскеу
  • Қазан – Бұхара – Қазан бағыты бойынша.

«Smartavia» әуе компаниясы 2 бағыт бойынша аптасына бір рейсті орындамақ.

  • Санкт-Петербург – Наманган – Санкт-Петербург
  • Санкт-Петербург – Бұхара – Санкт-Петербург бағыты бойынша.