Ресей Өзбекстанда кәсіп ашуға ең көп қаражат салған елдер қатарында көш бастады
Өзбекстанда бизнес бастау үшін ең көп қаражат салған елдер қатарында Ресей көш бастап тұр.
Мемлекеттік статистика комитетінің мәліметіне сай, 2021 жылдың 1 ақпанындағы жағдай бойынша елде тіркелген шетелдік капитал негізінде жұмыс істейтін кәсіпорындар мен ұйымдардың саны 12,5 мыңды құрап, оның қазір 11,9 мыңы жұмыс істейді.
Шетелдік капитал негізінде жұмысы жүріп тұрған кәсіпорындар мына елдер үлесіне тура келді:
- Ресей - 2,113
- Қытай - 1,812
- Түркия - 1,611
- Қазақстан - 926
- Корея - 893 дана
Шетелдік капитал негізінде 2021 жылдың қаңтар айында жаңадан ашылған кәсіпорындар саны бойыншада Түркия алда. Жыл басынан түркиялық инвесторлар қаржысы негізінде 34 кәсіпорын өз жұмысын бастаған.
- Түркия - 34
- Ресей - 21
- Қытай - 17
- Қазақстан - 10
- Корея - 9 дана.