Спорттық арбитраждық сот (CAS) Дүниежүзілік допингке қарсы агенттіктің (WADA) Ресейді халықаралық спорттық жарыстардан шеттету туралы шешімін қолдады.
Өткен жылы Дүниежүзілік антидопинг агенттігінің атқарушы комитеті Ресейге төрт жыл бойы халықаралық ірі жарыстарға қатысу мен ұйымдастыруға тыйым салған болатын. Бұған себеп ретінде Мәскеу антидопинг лабораториясы мәліметтеріді жалған жасағандығы жайында айтылған.
Осы жағдайға орай Спорттық арбитраждық сот Ресейді халықаралық жарыстардан екі жылға шеттетуге шешім қабылдаған және жарлық шыққан күннен күшіне енген. Жаза мерзімі 2022 жыл 16 желтоқсанға дейін.
Алдағы екі жыл ішінде ресейлік спортшылар ірі жарыстарда (Әлем чемпионаттары мен олимпиада ойындарында) тек бейтарап ту астында өнер көрсетуі мүмкін. Жарыстарда ресейлік споршылар жеңімпаз болған жағдайда елдің гимні орындалмайды.
Тыйым тек Әлем чемпионаттары мен Олимпиада ойындарына қатысты. Ресей Еуро-2020 (2021 жылға ауыстырылды) және Чемпиондар лигасының матчтарына қатыса алады.
Сондай-ақ, Ресей WADA-ға Мәскеудегі допингке қарсы зертхананың деректерінің растығын тексеру кезінде ұйым жұмсаған шығындарын жабу үшін 1,27 миллион доллар өтейтін болады.