Ресей спорт министрі Өзбекстанға келді
7 қыркүйекте Ресей спорт министрі Олег Матицин Өзбекстанда өтетін халықаралық этноспорт фестиваліне қатысу үшін Өзбекстанға келді.
Мәртебелі мейманды Үргеніш халықаралық әуежайында Өзбекстанның Жастар саясаты және спорт министрі Адхам Икромов қарсы алды.
Бүгін 8 қыркүйекте Хиуа қаласындағы «Ичан қала» кешенінде халықаралық этноспорт фестивалі басталады.
Естеріңізге сала кетейік, 10 қыркүйекке дейін жалғасатын бұл фестивальге әлемнің 63 елінен 2 мыңға жуық спортшы қатысады деп күтілуде.