Ресей құрамасы ATP Cup турнирінде жеңіске жетті
Австралияда өткен ATP Cup турнирінде Ресей теннис құрамасы жеңіске жетті.
Австралияның Мельбурн қаласында өткен ATP Cup турнирі финалында Италия мен Ресей теннис құрамалары кездесті. Бірінші кездесуде Андрей Рублев Фабио Фониниді 6:1, 6:2 есебімен корттан тайдырған болса, екінші кездесуде Даниил Медведев Маттео Берреттиниді 6:4, 6:2 есебімен жеңіске жетті.
Осылайша тарихта екінші рет ұйымдастырылған жүлде қоры 4,5 млн долларлық ATP Cup турнирінде ресейліктер бірінші орынды иеленді.
Естеріңізге сала кетейік, 8 ақпан бүгіннен осы маусымдағы алғашқы «Үлкен дулыға» турнирі 21 ақпанға дейін жалғасатын болады.