Ресей премьер-министрі коронавирус жұқтырғаны анықталды
Мишустин өз медсараптамасында коронавирус анықталғаны жөнінде президент Владимир Путинге мәлімдеді
Ресей Федерациясының премьер-министрі Михаил Мишустинге коронавирус диагнозы қойылды.
Мишустин өз медсараптамасында коронавирус анықталғаны жөнінде президент Владимир Путинге мәлімдеп, ол өзін оқшауланғанын да қоса айтты.
Осы жағдайға байланысты премьер-министрдің жұмысын уақытша атқару міндеті оның бірінші орынбасары Андрей Белоусовқа беріліп, оған қатсыты жарлыққа президент Путин қол қойған.