English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Ресей, Иран, Қытай және Пәкістан АҚШ-ты Ауғанстанға қарсы санкцияларды алып тастауға шақырды
17:41 / 2023-04-14

АҚШ пен одақтастар Ауғанстандағы күрделі жағдай үшін жауапкершілікті өз мойнына алуы керек. Бұл туралы кеше Самарқандта өткен Ауғанстанмен көршілес елдердің СІМ басшыларының төртінші отырысының қорытынды бірлескен мәлімдемесінде айтылған.

Кездесуге қатысқан Иран, Қытай, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстан сыртқы істер министрлері АҚШ пен оның одақтастары жариялаған біржақты санкцияларды дереу жоюу керектігі және ауғандықтардың шетелдегі активтерін қайтару қажеттігін мәлімдеді. Конференцияда «Ауғанстан және осы елдің айналасындағы әскери базалар» қайта қалпына келтіруге қарсы пікірлер де айтылды. 

Хабарда айтылуынша, бұл «аймақтық бейбітшілік пен тұрақтылыққа үлес қосу қағидасына қайшы».