Ресей газын Қазақстан аумағы арқылы Өзбекстанға экспорттауға қол қойылды
Санкт-Петербург халықаралық экономикалық форумында Ресей газын Өзбекстанға жеткізу туралы келісімге және республиканың газ тасымалдау жүйесін ресейлік газды қабылдауға дайындау бойынша «Жол картасына» қол қойылды.
Энергетика министрлігінің хабарлауынша, құжаттарға Өзбекстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Жамшид Ходжаевтың қатысуымен Энергетика министрі Жорабек Мирзамахмудов пен «Газпром» басқарма төрағасы Алексей Миллер қол қойды.


Ресей газын Қазақстан аумағы арқылы Өзбекстанға экспорттау 2023 жылдың төртінші тоқсанында басталады.