Кеден қызметі комитетінде Ресей Федералдық кеден қызметінің басшысы В. Пикалёв бастаған делегациямен кездесуі өтті.
Кеден қызметі комитетінің төрағасы А.Мавлонов Өзбекстан мен Ресей арасындағы көпқырлы ынтымақтастықты дамытуға ерекше назар аударылып отырғанын, бұл өз кезегінде кеден саласындағы өзара ынтымақтастыққа да оң әсер етіп, қозғаушы фактор болатынын атап өтті.
Екіжақты кездесуде Өзбекстан мен Ресей арасындағы сыртқы сауда жүктемелері үшін енгізілген «Жеңілдетілген кеден жолағы» тұжырымын одан әрі жетілдіру мәселелері қаралды.

Тараптар өзара экономикалық операторлар үшін қарастырылған жеңілдіктер мен қолайлылықтарды кең ауқымда енгізу, кеден зертханалары өткізетін сараптама процестерін әдістемелік тұрғыдан үйлестіру, кинология саласындағы ынтымақтастықты кеңейту перспективасын талқылады.
Ресей кеден қызметі делегациясы 2023 жылдың 29 тамызында Өзбекстан басшысының Кеден қызметі комитетіне жасаған сапары кезінде енгізілген Кеден ресімдеу орталығы мен Орталық кеден зертханасының жұмысымен танысты.

Өзбекстанда кеден органдарының қызметін цифрландыру және тәртіптерді жеңілдету бойынша атқарылған шаралар мен қол жеткізілген нәтижелер қонақтарда үлкен әсер қалдырды.
Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылдың 2 желтоқсанында Самарқанд қаласында екі мемлекет Кеден қызметі басшылары Өзбекстан мен Ресейде Кеден қызметінің өкілдіктерін ашу туралы келісімге қол қойған еді.
Бұл келісім іске асып, қазіргі уақытта Өзбекстан Кеден қызметінің Ресейдегі өкілі өз қызметін сәтті жалғастырып жатыр.
Ресей Федералдық Кеден қызметі делегациясының елімізге сапары жалғасуда.