French
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Ресей Федерациясының Өзбекстандағы елшісі Сыртқы істер министрлігіне шақырылды
00:53 / 2023-12-22

2023 жыл 21 желтоқсанында ӨР Сыртқы істер министрлігіне Ресей Федерациясының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Олег Мальгинов шақырылды.

СІМ мәліметінше, сұхбат барысында «Россия сегодня» баспасөз орталығында өткен конференцияда «Справедливая Россия - за правду» партиясының тең төрағасы Захар Прилепиннің Өзбекстан территориясын Ресейге қосу қажеттігі туралы ұсыныстың елімізде терең алаңдаушылықпен қабылданғаны айтылды.

«Ресей Федерациясы сынды достас ел партия басшыларының көзқарасы Өзбекстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы жан-жақты стратегиялық серіктестік пен одақтастық рухына сәйкес келмейтіні жеткізілді.

Ресейлік бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен таралып жатқан мұндай мәлімдемелер әдейі арандатушылық болып табылады және халықтарымыз арасында қалыптасқан тарихи достық қарым-қатынасқа кері әсерін тигізуі мүмкін.

Өз кезегінде О.Мальгинов толық жауапкершілікпен З.Прилепиннің мәлімдемелерінің Ресей Федерациясы басшылығының достас және Тәуелсіз Өзбекстанға қатысты ресми ұстанымына еш қатысы жоқ екенін атап өтті.

Ресей Федерациясының Өзбекстандағы өкілі ретінде елші «өз елінде Өзбекстан Республикасының егемендігі, тәуелсіздігі және аумақтық тұтастығы ешқашан да күмәнданбағанын» мәлімдеді.

Сондай-ақ О.Малгинов Ресей Сыртқы істер министрлігі бұл оқиғаға қатысты жақын арада түсініктеме беруді жоспарлап отырғанын атап өтті», делінген СІМ хабарламасында.