Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Ресей Африкада әскери база ашатын болды
10:47 / 2020-11-17

Ресей президенті Владимир Путин үкіметтің Суданда әскери-теңіз нысанын ашу туралы ұсынысына келісіп, Ресей қорғаныс министрлігіне Судан үкіметімен келісімшартқа қол қоюды тапсырды.

«РБК» таратқан ақпартқа сай Суданда құрылатын Ресей әскери-теңіз күштерін материалдық-техникалық қамтамасыз ету пунктінде шамамен 300 ресейлік әскери қызметші, 4 әскери кеме болады, деп жоспарлануда.

Африка аймағындағы ең ірі мемлекет ретінде Судан базаны салуға келісім берген және келісім 25 жылға жасалған, кейіннен оны шектелмеген мерзімге 10 жылға ұзарту мүмкіндігі де қарастырылған.

Келісімде Ресейдің Африка құрлығындағы алғашқы әскери базасының ашылуы «аймақтағы бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтауға бағытталған, қорғаныс мақсаты бар және басқа мемлекеттерге қарсы бағытталмаған» делінген. Ал, Судан мұның есесіне ресейлік қару-жарақ пен әскери техниканы тегін алуы мүмкіндігі айтылған.