Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Рэпер Канье Уэст АҚШ президенттігіне кандидат ретінде ресми тіркелді
14:06 / 2020-07-16

Америкалық рэп әншісі Канье Уэст АҚШ президенттігіне үміткер ретінде ресми тіркеліп, сайлау компаниясына «Канье 2020» деген атау берді


Америкалық рэп әншісі Канье Уэст АҚШ президенттігіне үміткер ретінде ресми тіркеліп, сайлау компаниясына «Канье 2020» деген атау берді.

АҚШ Федералды сайлау комиссиясының сайтында жарияланған Форма №1 куәлігі 15 шілде де тіркеуден өткен. Алайда әнші Форма №2 сипатындағы негізгі құжатты өткізбеген. Бұл құжат сайлау науқанына кем дегенде 5000 доллар қаржы жиналғанын немесе жұмсалғанын куәландыруы керек болып, онсыз кандидат сайлауға қатыспайды.

Танымал модел Ким Кардашиянның күйеуі Канье Уэстке қазірше америкалықтардың екі пайызы қолдау көрсеткен. «Redfield & Wilton Strategies» консалтингтік компаниясы жүргізген сауалнамаға сай президенттік сайлауда қазірше Джо Байден (48 пайыз) – көшбасшылық етуде.