Референдумда мерзімінен бұрын дауыс беру 19-26 сәуірде өтеді
Өзбекстанда өтетін референдумда мерзімінен бұрын дауыс беру процесі Орталық сайлау комиссиясының отырысында қаралды және мерзімінен бұрын дауыс беру процесі 19-26 сәуірде өтетіні белгілі болды.
«Өзбекстан Республикасының Конституциясы туралы» Өзбекстан Республикасының Конституциялық заңы жобасы бойынша Өзбекстан Республикасының референдумы 2023 жылдың 30 сәуірінде өтеді.
Референдум өтетін күні тұрғылықты жерінде бола алмайтын азаматтар мерзімінен бұрын дауыс бере алады. Референдумда мерзімінен бұрын дауыс беру процесі 19-26 сәуірде өтеді.
Жиында «Өзбекстан Республикасының референдумын өткiзуге арналған референдум округтерiн құру туралы» қаулы қабылданды. Оған сәйкес, Қарақалпақстан Республикасы, облыстар мен Ташкент қаласы аумағы шекарасында 14 округ құрылды.
ОСК-ның референдум қорытындылары туралы шешімі референдум өткеннен кейін он күннен кешіктірілмей жарияланады.