Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
«Реал» мен «Манчестер Сити» кездесуі Англияда өтпеуі мүмкін
12:35 / 2020-07-26

Британия үкіметінің шұғыл мұндай шешім қабылдауына 24 шілде күні Испанияда 900-ге жуық азаматтан covid-19 індеті анықталғаны себеп болған


Чемпиондар лигасының 1/8 финалдық кездесуінің қарымта кездесуі «Манчестер Сити» алаңында өтпеуі мүмкін.

Өйткені Британия үкіметі 26 шілдеден бастап Испаниядан келген азаматтарға 14 күндік карантиндік мерзім жариялады. Өз кезегінде бұл жағдай «Реал» мен «Манчестер Сити» кездесуіне айтарлықтай проблема тудыруы ықтимал. Себебі жауап ойыны 7 тамызға белгіленген.

Британия үкіметінің шұғыл мұндай шешім қабылдауына 24 шілде күні Испанияда 900-ге жуық азаматтан covid-19 індеті анықталғаны себеп болған.

Осы жағдайға орай қазірде Чемпиондар лигасының 1/8 финалдық жауап кездесуінің «Реал» мен «Манчестер Сити» ойыны Англияда болмауыда мүмкін деген болжамдар айтылуда. Алғашқы кездесудің нәтижесі бойынша «Манчестер Сити» 2:1 есебінде жеңіске жеткен.