Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
«Реал Мадрид» Зиданның клубтан кеткені жайлы мәлімдеме жасады
17:18 / 2021-05-27

Мадридтің «Реал» клубы Зинедин Зиданның бас бапкерлік қызметінен кеткені жайлы ресми мәлімдеме жасады.

«Зинедин Зидан клубытың бас бапкерлік қызметін аяқтау туралы шешім қабылдады. Оның шешімін құрметтейтін кез келді. Біз оған жылдар бойғы кәсібилігі, адалдығы және құштарлығы үшін алғыс айтамыз. Зидан - Реалдың ең ұлы аңыздарының бірі. Бұл біздің клубтың жаттықтырушысы және ойыншысы болғандықтан ғана емес. Ол мадридизм жүрегінде екенін және Реал оның үйі екенін және әрдайым солай болатынын біледі», делінген «Корольдік» клуб мәлімдемесінде.

48 жасты футбол майталманы мен клуб арасындағы келісім 2022 жылдың жазына дейін жасалған болатын. 

Француздық бапкер «Реалды» 2016 жылдан 2018 жылға дейін басқарып, осы уақыт ішінде ол команданы Чемпиондар лигасының үш жеңісіне жеткізді. Сондай-ақ, оның басшылығымен «Реал» бір рет Испания чемпионатын, бір рет ел Суперкубогын, екі рет УЕФА Суперкубогын және екі рет клубтар арасындағы Әлем кубогын жеңіп алған.

Қысқа үзілістен кейін клубқа қайта оралған Зидан 2019 жылғы маусымда Испания чемпионаты мен Испания Суперкубогын жеңіп алды. Өкінішке орай биылғы маусымда «Реал» Чемпиондар лигасының жартылай финалына дейін барып «Челсиге» есе жіберген болса, Лиганы екінші орында аяқтады.

Зидан басқаруында «галлактикостар» жалпы 263 ойын өткізіп, 174-де жеңіске жеткен болса, 53 кездесу тең аяқталған. Бар болғаны 36 матчта клуб жеңіген. Голдар айырмасы бойынша нәтиже 605 : 267 құрайды.

Қазіргі кезде «Реал» бапкерлігіне, «Ювентустың» бұрынғы бапкері Массимилиано Аллегри немесе «Интер» клубынан кеше ғана қоштасқан жаттықтырушы Антонио Контенің кандидатурасы қаратырылуда.