Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
«Реал Мадрид» өз алаңында, «Ювентус» клубы қонақта жеңіліп қалды
12:34 / 2020-02-27

Бұл кештегі футбол сүйер көрерменнің ықыласы «Сантьяго Бернабеу» стадионында өтер матчқа ауған болса ғажап емес


Европа Чемпиондар лигасы ойындарының 1/8 финалдық кездесулерінен орын алған алғашқы ойындар аяқталды.

Бұл кештегі футбол сүйер көрерменнің ықыласы «Сантьяго Бернабеу» стадионында өтер матчқа ауған болса ғажап емес. Өйткені «Реал» өз алаңында «Манчестер Сити» клубына қарсы ойын өткізуі еді. Бірақ ойынның соңы көпшілік күткен нәтижемен аяқталмады. Тартысты өткен ойынның қорытындысы бойынша қонақ команда «Манчестер Сити» Жесус пен де Брюйне ойыншылары шеберлігінің арқасында жеңіске жетті. Есеп 1:2. 
Голдар: Иско (60), Жесус (78) де Брюйне (83)

Осы кездесумен қатар Францияда «Лион» өз алаңында Туриннің «Ювентус» клубын қабылдап 1:0 есебінде жеңіске жетті. Осы ойын алдынан футбол сарапшыларының басым бөлігі, тіпті көптеген букмекерлер кездесуді «Ювентус» жеңіспен аяқтауына сенімбілдірген болатын. Алайда ойын қорытындысы француздар жеңісімен аяқталды. Кездесудегі жалғыз голды 31 минутта Тузар соқты.