Arabic
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Реал Мадрид Сан-Себастиянда жеңіске жетіп жетекшіге айналды
10:27 / 2020-06-22

Корольдік клуб өзара кездесулер нәтижесіне байланысты «Барселона» клубын артта қалдырды және чемпионат жетекшісіне айналды.


Испания премиерасының 30-тур кездесулерінің орталық матчы Сан Себастьянда «Реал Сосьедад» және «Реал Мадрид» клубтары арасында өтіп, кездесу соңы Корольдік клубтың 1:2 есептік жеңісімен аяқталды.

Кездесудің 50 минутында Серхио Рамос есепті ашса, ойынның 70 минутына келіп Карим Бензема есепті 2:0ге жеткізді. Матч соңына қарай алаң иелерінің жартылай қорғаушысы Микель Марино қонақтарға бір голмен жауап қайтарды.

Осылайша Корольдік клубтың ұпайлар саны 65-ке жетіп, Зидан командасы өзара кездесулер нәтижесіне байланысты «Барселона» клубын артта қалдырды және чемпионат жетекшісіне айналды.