Arabic
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
«Реал Мадрид» пен «Наполи» клубының бұрынғы ойыншысы қайтыс болды
12:19 / 2022-04-15

Колумбия құрамасының бұрынғы футболшысы Фредди Ринкон 56 жасында ауруханада қайтыс болды.

El Tiempo басылымының дерегінше, Ринкон 11 сәуірде Колумбияның Кали қаласында көлігімен автобусқа соғылып, ауруханаға жеткізілген. Бірақ ауыр жарақатына байланысты 14 сәуірде көз жұмған.

Ринкон Колумбия құрамасы сапында 84 ойын өткізіп, 17 гол соққан. Ол Америка кубогының екі дүркін қола жүлдегері. 1990, 1994 және 1998 жылдардағы әлем чемпионаттарына қатысты.

Ол өз мансабында «Реал Мадрид» «Наполи», Колумбия және Бразилия клубтары сапында өнер көрсеткен.