«Реал Мадрид» ойыншылардың жарақатына УЕФА мен ФИФА-ны айыптады
«Реал Мадрид» басшылығы халықаралық үзіліс кезінде команда ойыншыларының көп жарақат алғанына наразы.
Marca журналисі Хавьер Бирланганың хабарлауынша, Мадрид клубы бұл оқиғаға Испания Корольдік футбол федерациясын (RFEF), Ла Лиганы, Халықаралық футбол федерациясын (ФИФА) және Еуропалық футбол қауымдастықтары одағын (УЕФА) кінәлайды.
«Реал Мадрид» басшылығы футболшылардың жарақат алуына күнтізбенің шамадан тыс жүктелуі себеп деп есептейді.
«Реал Мадрид» шабуылшысы Винисиус 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Колумбияға қарсы Бразилия құрамасында ойнап жүргенде жарақат алып, ақпан айына дейін алаңға шықпайтын болды. Команданың жартылай қорғаушысы Эдуардо Камавинга Франция құрамасымен жаттығу кезінде жарақат алды. БАҚ дерегінше, ол 8-10 апта матчтарға қатыса алмайды.