Arabic
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
«Реал Мадрид» маусымның жалғасын сенімді жеңіспен бастады
07:24 / 2020-06-15

Осы жеңістен кейін «Реал» ұпайлар санын 59-ға жекізді


Мадридтің «Реал» клубы Ла Лигадағы 28-тур кездесуін «Эйбар» клубына қарсы өткізіп арадағы үзілістен кейінгі алғашқы матчын жеңіспен бастады.

«Сантьяго Бернабеу» стадионында жөндеу жұмыстарына байланысты, «Эстадио Альфредо Ди Стефано» алаңында өткен кездесудің 4 минутында Тони Кроос есепті ашқан болса, 30 минутқа келіп Серхио Рамос таблодағы есепті 2:0-ге жеткізді. Үш айлық демалыс кезінде біршама дайындықты пысықтаған «Реал» футболшылары тағыда шабуылдар жасап ойынның 37 минутында қақпашыдан қайтқан допты Марсело қайта теуіп гол соқты. Есеп 3:0.

Үзілістен кейін қонақтар Корольдік клубына 1 голмен ғана жауап қайыра алды. Осылайша кездесу 3:1 есебіті «Реал Мадрид» жеңісімен аяқталды. Осы жеңістен кейін «Реал» ұпайлар санын 59-ға жекізді.