Испанияның «Реал Мадрид» клубы үшінші жыл қатарынан ең қымбат клубтар рейтингінде бірінші орында келеді.
Forbes басылымның мәліметінше, мадридтік клубтың құны 6,6 миллиард долларды құрайды.
Биылғы маусымда клуб Испания чемпионы атанды және Чемпиондар лигасының жеңімпазы атануы мүмкін. 1 маусым күні финалда мадридтік клуб «Боруссия» клубымен күш сынасады.
«Реал Мадрид» 1981 жылдан бері Чемпиондар лигасының финалында жеңілген емес.
Англияның «Манчестер Юнайтед» клубы (6,55 миллиард доллар) Англия чемпионатында 1990 жылдан бері ең нашар көрсеткішке ие болғанына қарамастан, рейтингтегі екінші орынды сақтап қалды. Команда Премьер-лигада сегізінші орынға ие болды және Еуропа кубогына жолдама алмады, бірақ Англия кубогының финалында «Манчестер Ситиді» жеңсе, Еуропа лигасында ойнай алады.
Үшінші орынды осы маусымда бірде-бір жүлдеге алмаған «Барселона» (5,6 миллиард доллар) сақтап қалды. Үздік ондыққа сонымен қатар Англияның «Ливерпуль» (5,4 миллиард доллар), «Манчестер Сити» (5,1 миллиард доллар), Германияның «Бавария» (5 миллиард доллар), Францияның «ПСЖ» (4,4 миллиард доллар), Англияның «Тоттенхэм» (3,2 миллиард доллар), «Челси» (3,1 миллиард доллар), «Арсенал» (2,6 миллиард доллар) клубтары бар.