Spanish
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
«Реал Мадрид» әлемдегі ең қымбат футбол бренді атанды
11:14 / 2021-05-18

Ағылшындық Brand Finance агенттігі дәстүрлі жыл сайынғы әлемдегі ең қымбат футбол клубтарының рейтингін жариялайды.

Онда тізім бойынша Мадриттің «Реал» клубы 1,49 млрд долларға бағаланып, әлемдегі ең қымбат футбол бренді деп табылған. Екінші орында Каталонияның «Барселона» клубы (1,48 млрд доллар) жайғасқан болса, «Манчестер Юнайтед» (1,3 млрд доллар) үздік үштікті қорытындылаған.

«Каролдік» клубтың брендтік құны 2019 жылда 1,646 миллиард еуроға бағаланған болатын. 2020 жылдағы орын алған әлемдік пандемияға байланысты клубтың қаржылық құны біршама төмендегені байқалады. Бұл жағдай барлық салаға тікелей әсертті. Дегенмен «Реал» әлемдегі ең қымбат футбол бренді атағын сақтап қалды. 

2020 жылғы ТОП-10 әлемдегі ең қымбат футбол брендті клубтар:

  1. «Реал» (1,499 млрд)
  2. «Барселона» (1,487 млрд)
  3. «Манчестер Юнайтед» (1,327 млрд)
  4. «Манчестер Сити» (1,313 млрд)
  5. «Бавария» (1,255 млрд)
  6. Ливерпуль» (1,143 млрд)
  7. «ПСЖ» (1,042 млрд)
  8. «Челси» (904 миллион)
  9. «Тоттенхэм» (849 миллион)
  10. «Арсенал» (792 млн)