Реал Мадрид клубыда футболшылар жалақысын қысқартады
Барселона банкрот болмау үшін футболшылар жалақысының 70 пайызы қысқаратын болған
Корольдік клуб президенті Флорентина Перез бұған дейін футболшылар жалақысын қысқармайтыны жөнінде айтып еді. Алайда чемпионат ойындары мен еурокбоктар кездесуінің кешігуі оны бұл шешімді өзгертуіне мәжбүр еткен.
Marca басылымының хабарынша, COVID -19 пандемиясына байланысты Мадридтік клубтың қаржылық шығындарын жабу үшін футболшылардың жалақысынан 10 пайызға дейін қысқартулар болуы мүмкіндігін айтқан.
Ал Корольдік клубтың ежелгі қарсыласы "Барселонада" бұл жағдай 7 есе жоғары болып, футболшылар жалақысының 70 пайызы қысқаратын болған. Бұдан бөлек футболшылар клубтың техникалық мамандары толық жалақы алуына тағыда қаржы береді.