Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
«Реал Мадрид» футбол бойынша әлемдегі ең қымбат бренді атанды
11:46 / 2020-07-30

Жыл сайынғы дәсүр бойынша анықталған клубтар рейтингінде «Корольдік» клубтың бағасы 1,572 млрд еуроға бағаланған


Ағылшынның «Brand Finance» агенттігінің сараптамасына сай «Реал Мадрид» клубы әлемдегі ең қымбат футбол бренді деп табылды.

Жыл сайынғы дәсүр бойынша анықталған клубтар рейтингінде «Корольдік» клубтың бағасы 1,572 млрд еуроға бағаланған. Бұл көрсеткіш өткен жылғыдан 13,8 пайызға төмендеген болсада Мадридтік клуб қатарынан екінші жыл үздік деп табылды.

Каталонияның «Барселона» клубы 1,565 млрд еуромен екінші орынға шыққан болса, өткен жылғы көрсеткіштен төмендеген ағылшындық «Манчестер Юнайтед» 1,456 млрд еуроға бағаланып үшінші реттікке жайғасқан.

«Brand Finance» агенттігінің сараптамасына сай жасалған ТОП 10 рейтингі:

1 (1). «Реал» Испания — € 1,572 млрд
2 (3). «Барселона» Испания — € 1,565 млрд
3 (2). «Манчестер Юнайтед» Англия — € 1,456 млрд
4 (6). «Ливерпуль» Англия — € 1,398 млрд
5 (5). «Манчестер Сити» Англия — € 1,245 млрд
6 (4). «Бавария» Германия — € 1,169 млрд
7 (8). «ПСЖ» Франция — € 1,071 млрд
8 (7) «Челси» Англия — € 1,051 млрд
9 (10) «Тоттенхэм» Англия — € 868 млн
10 (9) «Арсенал» Англия — € 796 млн