«Реал Мадрид» эль-классикода «Барселонаны» жеңіп жетекшіге айналды
«Корольдік» клуб биылғы маусымда каталондық «Барселонадан» күшті екенін шынында екі ойында да көрсетті
Жер бетіндегі футбол сүйер қауым бұл күнді Мадридтегі «Сантьяго Бернабеу» алаңына қаратқан болса ғажап емес. Онда Испания премеросынан орын алған(26-тур) орталық ойын «эль-классико» яғни «Реал Мадрид» және «Барселона» кездесуі еді.
Қаншама жылдардан беріге жалғасып келе жақан теке-тірестің биылғы маусымында «Корольдік» клуб каталондық «Барселонадан» күшті екенін шынында екі ойында да көрсете алды. Өйткені «Реал» қонақта ойнаған кезінде де гол соғып еді. Алайда оны төрешілер есепке алмады. Расында сол ойында «VAR» жүйесі көрсеткен бұл жағдайды төрешілердің өздері аңдауы қиынға соққан. Міне енді соның есесі өз үйінде қабылдап барлығын әділ шешті.
Осы ойын алғашында «Барселона» клубында көптеген голға тартар сәттер болды. Бірақ қақпашының шеберлігі немесе шабуылшылардың осалдығынан есеп ашылмай қалды. Аладоп шебері Мессидің өзі алғашқы таймда бір рет қақпашымен жалғыз қалып және бірнеше голға жақын моменттерді жоққа шығарды. Голсыз алғашқы бөлімді аяқтаған қос команда екінші бөлімді өте көтеріңкі рұхта бастап екі қақпа алдында да қауіпті жағдайлар болғандығы көрерменнің ықыласын қайта алаңға бұрды. Сөйтсе-де екі ойын нәтижесімен бір гол көрмей кетемізбе деген көңілде олар алаңды тынымсыз қи-қуға басып футболшыларды (көбіне «Реал» ойыншыларын гол соғуға шақырып) гол соғуға үндеді. Нәтижеде 71 минутқа келіп Кроостың ұзатқан пасын небәрі 19 жасар бразилиялық Винисиус голға айналтырды.
Ойын аяқталар тұста «Реал» бапкері Зиданның Бензема орнына Мариано Диасты түсіру көпшіліктің түсінігінде қорғанысты күшейтті деген оймен шатастырып оны бірден оң қанаттан шабуылға көшер құпиялы ойын көрсетерін «Барселона» ойыншылары аңдамай қалғаны таблодағы есеп 2:0 ге жетті. Осылайша көптен күткен кездесу «Реал Мадрид» клубының жеңісімен аяқталып Ла-Лигада тағы көш басына тұрақтады.