«Реал Мадрид» - 34 рет Испания чемпионы атанды
Ла Лига тарихында 34 мәрте осы марапатқа қол жеткізген «Реал Мадрид» клубы Зидан бапкерлігінде екінші рет жеңіс тұрғырынан көрінді
Испания чемпионатының 37-тур аясында өткен кездесулерде «Реал Мадрид» өз алаңында «Вильярреал» клубын қабылдап 2:1 есебінде жеңіске жетті және мерзімінен бұрын Испания чемпионы атанды.
Ла Лига тарихында 34 мәрте осы марапатқа қол жеткізген «Реал Мадрид» клубы Зидан бапкерлігінде екінші рет жеңіс тұрғырынан көрінді.
Клуб алда чемпиондар лигасындағы кездесуін өткізеді. Жауап кездесуінде «Манчестер Сити» клубы королдік клубтың қонағы болмақ . Алғашқы ойын нәтижесіне орай 2:1 есебімен ағылшын клубтың пайдасына шешілген.