«Реал» әлемдегі ең қымбат футбол бренді
Brand Finance агенттігі жыл сайынғы әлемдегі ең қымбат футбол клубтарының рейтингін жариялайды.
Brand Finance агенттігі жыл сайынғы әлемдегі ең қымбат футбол клубтарының рейтингін жариялайды.
Агенттіктің биылғы жариялаған тізім бойынша «Реал», ағылшын командасы «Манчестер Юнайтедті» артта қалдырып, әлемдегі ең қымбат футбол бренді деп табылған. «Каролдік» клубтың брендтік құны 1,646 миллиард еуроға бағаланған. Соңғы рет «Реал» бұл атаққа 2010 жыл жеткен болатын.
Ағылшындық «Манчестер Юнайтед» биылғы рейтинг бойынша екінші орынға ие болған. Қызыл сойқандардың брендтік құны 1,472 миллиард еуро деп бағаланған.
Күшті үштіктен «Реал Мадридтің» ежелгі қарсыласы «Барселона» клубы орын алған. Клубтың брендтік құны 1,393 миллиард еуро. Одан кейінгі орындарды «Бавария», «Манчестер Сити» клубтары иелеген.