«Реал» клубтар арасындағы 5 дүркін әлем чемпионы атанды
Испанияның «Реал Мадрид» клубы әлемдік клубтар арасындағы 5 дүркін чемпионы атанды.
Мароккодағы «Мулай Абдулла» спорт кешенінде өткен финал кездесуінде ЕЧЛ жеңімпазы «Реал» АЧЛ чемпионы «Аль Хилал» клубын 5:3 есебінде жеңіп, тарихта 5 дүркін чемпионы атанды.
8 гол соғылған ойында 3 дубль тіркелді – оны мадридтік Винисиус, Вальверде және қарсылас команда шабуылшысы Ветто соқты. Бензема мен Марегалар бір голдан соқты.
Осылайша мадридтік клуб бұл турнирде 5-ші рет жеңіске жетті. Бұл рекорд. Бұдан кейінгі ең үздік нәтиже «Барселона» клубында 3 чемпиондық бар.