«Реал» Еуропа суперкубогының иегері атанды
Мадридтің «Реал Мадрид» клубы Еуропа суперкубогының жеңімпазы атанды.
Финляндия астанасы Хельсинкидегі алаңда УЕФА суперкубогы үшін өткен кездесуде «Реал» бундеслиганың «Айнтрахт» клубын 2:0 есебінде ұтты.
ЕЧЛ жеңімпазы мен Еуропа лигасының жеңімпазы арасындағы кездесудің бірінші таймында испандық клуб қорғаушысы Давид Алаба есеп ашқан болса (37 минут), екінші таймда галактикандар сұрмергені Карим Бензема екінші голды соқты (65 мину).
Осылайша Карло Анчелотти басшылығындағы мадридтік клуб Еуропа суперкубогында жеңіске жетіп, жаңа маусымды жүлдемен бастады. Бұл «корольдік клубтың» тарихындағы 5-ші УЕФА Суперкубогы ретінде тарихқа енді.