«Реал» Чемпиондар лигасының 15 дүркін жеңімпазы атанды
Испанияның «Реал Мадрид» клубы Чемпиондар лигасының 15 дүркін жеңімпазы атанды.
Лондондағы атақты «Уэмбли» алаңында өткен финал кездесуінде «Реал», «Боруссия Д» клубын 2:0 есебінде ұтты.
Осылайша «Реал» өз тарихында 15-ші, кейінгі 11 маусымда 6-шы рет Еуропа Чемпиондар лигасының жеңімпазы атанды. Мадридтіктердің бас бапкері Карло Анчелотти бұл турнирде 5-ші рет жеңіске жетіп, бұл тұрғыда өз рекортын жаңартты.