«Реал» 4-ші рет құрлықаралық кубокты жеңіп, рекорд орнатты
2004 жылдан кейін алғаш рет ұйымдастырылған құрлықаралық кубок финалында Чемпиондар Лигасының жеңімпазы «Реал» КОНКАКАФ чемпионы «Пачуканы» ұтты.
Бірінші таймда Камавинга, Вальверде, Беллингем және Винисиустың комбинациясын Мбаппе голға айналдырды. Екінші таймда Родриго тамаша ойынымен есепті еселеді, ал Винисиус пенальтиден соққан голымен есепті 3:0 етті.
Осылайша, мадридтік клуб өз тарихында 4-ші рет осы турнирде жеңімпаз атанып, үш мәрте жеңіске жеткен «Милан», «Пеньяроль», «Бока Хуниорс» және «Насиональ Монтевидеоны» басып озып, абсолютті рекорд орнатты.
Айта кетейік, «Реал» Чемпиондар Лигасында (15) және Клубтар арасындағы әлем чемпионатында (5) жеңіске жету көрсеткіші бойынша да көш бастап тұр.