Райан Гарсия бокстағы мансабын аяқтағанын жариялады
Әйгілі америкалық боксшы, WBC тұжырымы бойынша бұрынғы уақытша әлем чемпионы Райан Гарсия кәсіпқой бокстан кететінін мәлімдеді.
Гарсия ресми түрде 25 жасында зейнетке шығатынын жазып, спортшы сыбайлас жемқорлықтың тым көп екенін, сондықтан оның бәрінен шаршағанын атап өткен.
«Мен ресми түрде зейнетке шықтым. Айналамдағы жемқорлық себеп осылай болды. Мен актерлікпен де айналыса аламын. Әлі де жаттығып жүрмін, бірақ жүрегім ауырды. Бәрі бітті. Ең өкініштісі мен керемет боксшымын. Барлығының өмірі ғажайып өтуін тілеймін», - деп жазды Райан әлеуметтік желідегі парақшасында.
Райан Гарсия мансабында 26 жекпе-жек өткізіп, оның 25-інде жеңіске жеткен.