Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Расул Кушербаев «Халықсүйер депутат» мәртебесіне ие болды
15:48 / 2021-03-05

Өзбекстан Республикасы «Олий Мажлис» Заң шығарушы палатасының депутаты Расул Кушербаев «Халықсүйер депутат» мәртебесіне ие болды.

«Олий Мажлис» Заң шығару палатасы депутаттарды рухани және материалдық ынталандыру жөніндегі комиссияның ұсыныстарына сәйкес Мемлекет басшысының бастамасымен заңнаманы жетілдіруде, сайлаушылармен жұмыс жасауда және заң шығару палатасының қызметін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауда белсенділік танытқан бір топ депутатқа ерекше мәртебе беріліп, олар қатарында Расул Кушербаев «Халықсүйер депутат» мәртебесіне ие болған.

Осы мәртебеге Расул Қыдырәліұлының ие болуы қоғамдағы өзекті проблемаларды көтерудегі белсенділігі, халықты ұзақ жылдардан бері мезі еткен қиын мәселелерді оңтайлы шешім табуына батыл қадам тастаған әрекеті себеп болса керек, өйткені халық аузында бұл азаматтың жұмыстары өте жоғары бағаланады.

Айтпақтай-ақ, оның істеген жұмыстары халық ықыласына бөленгендігінің арқасында Өзбекстан Ұлттық ақпараттық агенттігі – ӨзА жыл сайын ұйымдастырып келе жатқан тәуелсіз сауалнамаға орай Расул Кушербаев 2020 жыл Өзбекстанда «Жыл адамы» атанды. Ал 2019 жылда «Жыл депутаты» атанған болатын.