French
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Рамазан Қадыров коронавирусқа шалдықты, оның жағдайы ауыр
10:51 / 2020-05-23

Дәрігерлердің айтуынша, Қадыров ауруды екі-үш апта бұрын Шешенстанның Урус-Мартан ауданының басшысы Валид Абдурашидовқа барған кезде жұқтырған


Шешенстан басшысы Рамазан Кадиров коронавирус індетін жұқтырып, ауруханаға жатқызылған. Оның өкпесінің 70 пайызы қатты зақымданған.

Дәрігерлердің айтуынша, Қадыров ауруды екі-үш апта бұрын Шешенстанның Урус-Мартан ауданының басшысы Валид Абдурашидовқа барған кезде жұқтырған. Сол кезде ауруханаға барған шақта Қадыров аудан басшысын құшақтап көріскен.

«Абдурашидовке коронавирус диагнозы қойылғанына қарамай Рамзан Қадыров оны қолдау мақсатында құшақтап көріскен. Тіпті Президент «қауіпті аймаққа» жәй ғана қорғаныс киімдері мен қарапайым маска тағып кірген. Сөйтті де науқасты құшақтап алды. Бір аптадан кейін Рамзан Ахматұлы өзін күндегіден нашар сезіне бастады. Сол кезде ол өзінің вирустық инфекциялы ауруға шалдыққанын біліп бірден Мәскеудегі ауруханаға алып келінген», деп жазылған хабарламада.