Рафаэль Надаль US Open турниріне қатыспайтынын мәлімдеді
Сайыстың 2016 жылғы чемпионы швейцариялық Стэна Вавринка мен Гаэль Монфис, Фабио Фоньини және Ник Киргиос Нью-Йоркқа бармайтынын айтқан
US Open турнирінің өткен жылғы жеңімпазы Испаниялық Рафаэль Надаль АҚШ ашық чепионатына қатыспайтынын мәлімдеді.
Әлемнің екінші ракеткасының кенеттен мұндай шешім қабылдауына жаһандық пандемияға байланысты. Оның айтуынша «мен көп ойланғаннан кейін биылғы US Open жарысына қатыспау туралы шешім қабылдадым. Коронавирустық инфекцияның тарауының жағдайларын ескере отырып, бүкіл әлемде жағдай өте қиын. Ауру әлі бақылауға алынбаған сияқты. Сондықтан мен осылай жасадым», - деп жазған Надаль өзінің Твиттерінде.
Бұдан бөлек сайыстың 2016 жылғы чемпионы швейцариялық Стэна Вавринка мен бірқатар белді теннисшілер Гаэль Монфис, Фабио Фоньини және Ник Киргиос Нью-Йоркқа бармайтындарын мәлімдеген.
Турнирді ұйымдастырушылар сайысты өткізу жоспарларынан бас тартпайтындықтарын айтып, олар өздерінің қатысуын растайтын алғашқы ойыншылардың тізімін ұсынды. Олардың қатарында әлемнің бірінші ракеткасы сербиялық Новак Жокович, австриялық Доминик Тим, былтырғы финалист ресейлік Даниил Медведев пен грекиялық Стефанос Циципас сынды ТОП-10 рейтингінен орын алған ракетка шеберлері бас жүлде үшін таласқа түседі, деген.