Рафаэль Надаль «Ролан Гаррос» турнирінде чемпион болды
Әлемнің 5 ракеткашысы испаниялық Рафаэль Надаль «Ролан Гаррос» турнирінде чемпион атанды.
Парижде өткен «Үлкен дулыға» санатындағы турнир финалында Рафаэль Надаль норвегиялық Каспер Руды 6:3; 6:3; 6:0 есебінде жеңіп, «Үлкен тәж» турнирлерінде өзінің 22-ші жүлдесіне қол жеткізді. Осыған байланысты Надаль әлемнің үздік теннисшісі ретінде Роджер Федерер мен Новак Джоковичті екі жүлдемен артта қалдырды.
«Ролан Гаррос» турнирінде бұл марапат Рафаэль Надаль үшін 14-ші жүлдесі. Турнирдегі сәтті жеңісі Рафаэльге 2,2 миллион еуро сыйақы әкелді.