Рафаэль Надаль «Australian Open» турниріне бапкерсіз барады
Әлемнің екінші ракеткашысы Рафаэль Надальға жаттықтырушысы Карлос Мойя «Australian Open» турнирінде көмектесе алмайтын болды.
«Рафамен болған әнгімеден кейін мен Австралияға командамен бармайтын болдым. Бірақ мен турнирді үйден бақылап отырамын. Бұл Испаниядағы коронавирусқа байланысты қиын жағдайға орай отбасымның, ата-анам мен балаларымның қасында бомақпын» деп жазды Мойя өзінің Twitter парақшасында.
Австралияның ашық чемпионаты 8-21 ақпан аралығында өтуі жоспраланған. Жарыстың қазіргі чемпиондары - сербиялық Новак Джокович пен америкалық София Кенин.