French
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Қызық ақпарат: 2020 жылда ең көп ізделген көлік маркасы қандай?
19:03 / 2021-02-11

Британияның «Compare the Market» зерттеу агенттігі Google-дің арнайы іздеу жүйесіне арналған «Google Тrends» платформасымен 2020 жылда әлем елдерінде ең көп ізделген көлік маркасын анықтады.

Motor сайтындағы хабарламада айтылуынша, зерттеулер кезеңінде әлемнің 158 елдегі сұранысы жоғары болған көлік маркаларының рейтингі жасалған. Қорытындыға орай Жапонияның Toyota брендті көлік маркасы 55 елдегі іздеу жүйесінде жетекшіге айналып тізімде көш бастап тұр. 

2019 жылда осы рейтингте бірінші болған немістің BMW брендті көлік маркасы бұл жолы 34 елмен шектелген. Дегенмен соңғы үш жылдық нәтижеге сәйкес BMW интернеттегі іздеу жүйесінде үздік екені белгілі болды.

Үшінші орын Mercedes-Benz маркасына нәсіп еткен болып, оны әлемнің 15 еліндегі темір тұлпар сүйер қауым көптеп іздеген екен. Төртінші орында Kia (7 мемлекет), одан кейін Ford (6 мемлекет). Кейінгі орындарда Volvo, Audi, Honda, Nissan, Renault, Hyundai және Peugeot маркалары орын алған.

2020 жыл қорытындысына орай Toyota компаниясы әлемде ең көп көлік сатқан автоконцерн атанған болатын.