Қашқадарияда заңсыз жолмен Қызыл кітапқа енген 700-ге жуық шөл тасбақасын рұқсатсыз көлікке тиеген браконьерлер ұсталды.
Облыстық экология және қоршаған ортаны қорғау департаментінің хабарлауынша, 2021 жылы 21 мамырда Қашқадарияның Шырақшы ауданындағы «Умакай» жол полициясы бекетіндегі тесеріс кезінде жүк көлігінен Қызыл кітапқа енген 700-ге жуық шөл тасбақа бар екені белгілі болды.
Браконьерлер облыстан заңсыз түрде алып кетпек болған тасбақаларды заңды тұрғыдан қарау үшін тиісті құжаттар жасалып, оны облыстық қоршаған ортаны қорғаудың мамандандырылған басқармасы экологиялық қорғау аймағы болып табылатын Бұхарадағы «Жайрон» питомнигіне жіберген.
Бұл түрдегі тасбақа «Орталық Азия шөл тасбақасы» (TORTOISE Agrionemys horsfieldii) деп аталатын болып, ол Өзбекстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген. Сирек кездесетін бұл тасбақалар Өзбекстанның барлық адырлы аймағында кездеседі. Ол кейде сирек шөпті далаларда және алқаптағы ауылшаруашылық жерлерінде (егістік, бақша және егіс алқаптарында) кездесіп тұрады.