Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Қызмет көрсету саласын дамытуға 500 миллион доллар бөлінеді
11:19 / 2021-04-23

22 сәуірде Мемлекет басшысының төрағалығымен өткен видеоселекторлы отырысында, Өзбекстандағы қызмет көрсету саласын дамытуды жыл соңына дейін 2,3 есе өсіруге бюджеттен 500 миллион доллар бөлінетіні жайлы айтылды.

Ташкенттегі қызмет көрсету көлемін кем дегенде 3 есеге көбейту, кемінде 50 мың жаңа тұрақты жұмыс орындарын құру жоспарын құру және бекіту туралы тапсырма берілді.

Осы жылы банктер қызмет көрсету саласына кем дегенде 18 трлн сум кредит бөлетін болып, бұдан бөлек, мемлекет коммерциялық банктер арқылы қосымша 300 миллион доллар, содан 1 шілдеге дейін 150 миллион доллары берілетін болды.

Осыған орай бірінші кезеңде Самарқандқа - 160 слрд сум, Ташкент, Әндіжан, Қашқадария және Ферғанаға - 150 млрд сум, Наманган мен Сұрхандарияға - 125 млрд сум, Бұхараға - 90 млрд сум, Жызаққа - 85 млрд сум, Қарақалпақстан және Хорезмға - 75 млрд сум, Сырдарияға - 60 млрд сум, Науаиға - 55 млрд сум бөлінеді. Бұл қаражат барлық аудандар мен банктер арасында бөлінді және барлық әкімдер оны алды.

Облыс, аудан және қала әкімдері коммерциялық банктермен бірге бөлінген қаражаттан басқа тағы да осы көлемдегі ресурстар тауып, яғни бұл жұмысты «елуде-елу» қағидаты бойынша ұйымдастыруы керек екендігі атап өтілді.

Мемлекет басшысы облыс басшыларына аудан мен қалалар қаражатты тиімді пайдалануына байланысты 1 қыркүйектен кейінгі 150 миллион доллар бөлінетіндігін еске салды.

Сонымен қатар, Ұлттық банкке 28 ірі және орта қалаларда туризм, көлік, медициналық, білім беру мекемелерін, ірі сауда орталықтарын құру үшін қосымша 200 млн доллар тарту міндеті қойылды.

Осылайша, бюджеттен және банктерден қызмет көрсету саласына бөлінетін қосымша қаражат 500 млн долларды немесе 5,5 триллион сумды құрайды.