Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Қытайлық компаниялармен Өзбекстанда қалдықтардан энергия өндіру туралы меморандумға қол қойылды
11:51 / 2024-08-07

Экология министрлігінде Қытай Халық Республикасының «Chengdu Environment Investment Group» мемлекеттік кәсіпорнының өкілдерімен кездесу өтті.

Кездесуде Өзбекстанда қалдықтарды өңдеу саласында жүзеге асырылып жатқан реформалар, инвестиция салуға болатын салалар, инвесторларға ұсынылатын жалпы жеңілдіктер туралы ақпарат берілді.

Қытайлық компанияның бас директоры Чен Шиен Өзбекстанда алдағы уақытта жүзеге асырылатын перспективалы жоспарлар туралы айтып, қалдықтарды тасымалдауға арналған полигондардан бөлек, ағынды суларды тазарту қондырғыларының жұмысына да қызығушылық танытқан.

Сонымен қатар, қонақтар министрлікке құзіретіндегі Ахуалдық орталығы, Республикалық санитарлық тазалау жұмыстарын ұйымдастыру орталығы, Қалдықтарды басқару полигон дирекциясының қызметімен танысты.

Сапар соңында «Chengdu Environment Investment Group» мемлекеттік кәсіпорнының құрамындағы «Chengdu Xingrong Renewable Energy Co., Ltd» және «Chengdu Shiny Technology Co., Ltd» компанияларымен Өзбекстанда қалдықтардан энергия өндіру жобаларын жүзеге асыру туралы меморандумға қол қойылды.