Arabic
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Қытайлық компания Сырдарияда агрологистикалық парк құрады
13:46 / 2023-04-19

Қытайлық компания Сырдария облысында Агрологистикалық парк салады. Жобаның құны 50 миллион АҚШ долларына бағаланып отыр.

Бұл туралы ӨР Ауыл шаруашылығы министрі Азиз Воитов пен Қытайдың «CITIC Group» компаниясы ауыл шаруашылығы департаменті бас директорының орынбасары Йибо Ванг кездесуінде айтылды.

Министрлік дерегінше, кездесуде тараптар бөлінген жер телімінде (32 гектар) салынуы жоспарланған нысандарды талқылаған.

Атап айтқанда, сыйымдылығы 50 мың тонналық тоңазытқыш қоймалар, кеңсе, кемінде 200 бөлмелі қонақүй, кеден, автотұрақ, фитосанитарлы және ветеринарлы бақылау пункттері, контейнерлерді қабылдау пункті және басқа да нысандар салу жоспарлануда.

Бұл ірі логистикалық орталық Өзбекстанды Қазақстан, Тәжікстан, Қытай және Ауғанстанмен байланыстырады.

Бұл нысанның сыртқы инфрақұрылымын Өзбекстан толықтай дамытып, агрологистикалық орталық құру Қытай инвестициясы негізінде толығымен жүзеге асырылмақ.