Күн фотоэлектр станциясының алғашқы 100 МВт қуатын 2024 жылдың 1 сәуіріне дейін, ал толық қуатын 2024 жылдың 30 қарашасына дейін іске қосу жоспарланған.
Энергетика министрлігінің хабарлауынша, Қытайлық PowerChina компаниясы Әндіжан облысында қуаты 400 МВт күн фотоэлектр станциясын салады. Меморандумға мамыр айында Қытай Халық Республикасына жоғары деңгейдегі сапар аясында қол қойылған.
Осының негізінде 31 шілдеде Энергетика министрлігі, Әндіжан облысының билігі және PowerChina компаниясы арасында жобаны жүзеге асыру шарттарын айқындайтын келісімге қол қойылды.
Осы шартқа сәйкес келесі жұмыстар орындалады:
- құрылыс жұмыстары қыркүйекте басталады, күн фотоэлектр станциясының алғашқы 100 МВт қуатын 2024 жылдың 1 сәуіріне дейін, ал толық қуатын 2024 жылдың 30 қарашасына дейін іске қосу жоспарланған;
– станция пайдалануға берілгеннен кейін жылына 700 миллион кВт/сағ электр энергиясы өндіріліп, 212 миллион текше метр табиғи газ үнемделеді, 294 мың тонна зиянды парниктік газдардың атмосфераға таралуына тосқауыл қойылады.
Жобаға ауыл шаруашылығы өнімдерін өсіруге пайдаланылмайтын жер учаскелері таңдалған.
Айта кетейік, PowerChina бүгінге дейін барлығы 200 ГВт қуатына ие жобаларды аяқтаған.